Жарияланды: 420

Бүгін Қазақстан аумағының басым бөлігінде жел күшейіп, жаңбыр жауады

Бүгін Қазақстан аумағының басым бөлігінде жел күшейіп, жаңбыр жауады

21 қыркүйекте ел аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет. Кей жерлерде жаңбыр жауады.

Республиканың оңтүстік-шығысының кей жерлерінде қатты жаңбыр жауып, жел күшейеді, тек батыс пен оңтүстікте ауа райы ашық. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі.

Ақмола, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі, түнде және таңертең жекелеген аудандарында тұман түседі.

Алматы, Солтүстік Қазақстан облыстарында, күндіз Павлодар облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-22 м/с жетуі ықтимал.

Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде күн күркіреп, найзағай ойнайды, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Қызылорда облысында, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін