Бүгін Қазақстан футболының күні аталып өтілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 460.8
  • 541.21
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін Қазақстан футболының күні аталып өтілуде

Бүгін Қазақстан футболының күні аталып өтілуде

Бүгін, 25 сәуір күні елімізде Қазақстан футболының күні аталып өтіледі, деп хабарлады Футбол федерациясының баспасөз қызметіне

  • 25 Сәуiр 2014
  • 472
Фото - Caravan.kz

«12 жыл бұрын дәл осы күні Стокгольмде (Швеция) Қазақстанның ұлттық футбол қауымдастығы УЕФА құрамына қабылданды. 2002 жылдың 25 сәуірінде Қазақстан Еуропа футбол қауымдастығының 52-ші мүшесі атанды. УЕФА-дағы 12 жыл ішінде Қазақстан балалар мен жасөспірімдер, бұқаралық, кәсіби футбол, инфрақұрылымды дамыту, жаттықтырушылар мен төреші мамандарды даярлау саласында көптеген оң өзгерістерге қол жеткізді», — делінген Федерацияның хабарламасында.


Еуропалық футбол қауымдастығы ұйымы УЕФА-ның кезекті 38-ші Конгресін 2014 жылдың наурызында Астанада өткізу туралы шешімі — УЕФА тарапынан Қазақстан футболының қарқынды дамып келе жатқанына берілген бағасы.