Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде боран соғады - Қазгидромет - kaz.caravan.kz
  • $ 490.21
  • 566.93
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде боран соғады - Қазгидромет

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде боран соғады - Қазгидромет

5 желтоқсанында Қазақстанның басым бөлігінде ауа ағынының өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталып, кейбір жерлерде жауын-шашын (көбінесе қар), бұрқасынды желдің күшеюі, тұман, көктайғақ болады деп күтілуде. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК-нан хабарланды.

  • 5 Желтоқсан 2014
  • 571
Фото - Caravan.kz


Қостанай облысында желдің күші 15-20 м/с дейін жетіп, бұрқасын болады.

Қарағанды облысында түнде кейбір жерлерде, күндіз көп бөлігінде желдің 15-20 м/с жылдамдықпен соғып, жел екпінінің 25 м/с дейін жетеді, кейбір жерлерде бұрқасын болуы күтіледі.

Павлодар облысының кейбір жерлерінде бұрқасын болып, күндіз желдің екпіні 17-22 м/с дейін жетеді. Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының кейбір жерлерінде бұрқасын болып, жел (15-20 м/с) тұрады.

Атырау облысының жер-жерлерінде бұрқасын болып, желдің 15-20 м/с жылдамдықпен соғуы күтіледі. Жамбыл, Маңғыстау облыстарының кейбір жерлерінде жел (15-20 м/с) тұрып, тұман түседі. Алматы облысының кейбір жерлерінде түнде тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтілуде.
Қызылорда облысының жер-жерлерінде жел (15-20 м/с) соғады. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Жақын тәуліктерде Қазақстанның көптеген су нысандарында мұз қату жалғасады. Сырдария өзенінде, республиканың оңтүстік-шығыс және шығысындағы жекелеген өзендерде сеңнің тоқтауы, су деңгейінің көтерілуі мүмкін.