Бүгін Қазақстанның бірқатар өңірінде боран соғып, көктайғақ болады - kaz.caravan.kz
  • $ 460.8
  • 541.21
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін Қазақстанның бірқатар өңірінде боран соғып, көктайғақ болады

Бүгін Қазақстанның бірқатар өңірінде боран соғып, көктайғақ болады

Бүгін Қазақстанның басым бөлігі антициклонның ықпалында болады. Еліміздің шығысы мен оңтүстік-шығысында ауа райы тұрақсыз болып, жел күшейеді, жекелеген аудандарда тұман басып, көктайғақ орын алады.

  • 10 Ақпан 2014
  • 289
Фото - Caravan.kz


Атап айтқанда, Алматы облысының, түнде Жамбыл облысының кей жерін тұман басып, көктайғақ болатындығы болжануда. Ал Маңғыстау, Қызылорда облыстарының кей жерінде жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында тұман басып, күндіз Атырау облысының кей жерлерінде жел екпіні секундына 15-20 метрге жетуі ықтимал. Қостанай мен Солтүстік Қазақстан облыстарында түнде және таңертең тұман болжануда. Сонымен қатар Қостанай облысында жаяу борасын соғады. Шығыс Қазақстанда, түнде Қарағанды облысында секундына 15-20 метрлік жел тұрып, арты боранға айналады. 
Түнде Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау және Қарағанды облыстарының кей жерлерінде күшті аяз болады.