"Бұйратау" паркіндегі өртті 80-ге жуық қызметкер сөндіріп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бұйратау" паркіндегі өртті 80-ге жуық қызметкер сөндіріп жатыр

"Бұйратау" паркіндегі өртті 80-ге жуық қызметкер сөндіріп жатыр

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті баспасөз қызметі "Бұйратау" ұлттық паркіндегі өртке қатысты соңғы мәліметті таратты. 
 

  • 4 Тамыз 2023
  • 13
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Құрғақ шөпті өсімдіктердің өртенуі 2 тамыз күні сағат 15:20-да анықталды. Аталған өрт найзағай разряды салдарынан ерекше қорғалатын табиғи аумаққа өтті. Қазіргі таңда өрттің ауданы 800 га құрайды, оның ішінде орманмен көмкерілген алаң – 1 га. Оны сөндіруге 76 адам, сондай-ақ 19 бірлік техника жұмылдырылды. Өртті ауыздықтауғы биік құрғақ шөптер, қатты жел мен түтін қиындатты, — делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, өрт 2 тамыз күні сағат 19-да оқшауланған болатын. Толық жою жұмыстары жалғасуда.