Жарияланды: 130

Бүркітшілер жарысы кезінде жыртқыш құс жас қызға бас салды

Бүркітшілер жарысы кезінде жыртқыш құс жас қызға бас салды

Этнофестиваль кезінде бүркіттің он жасар қызға шабуылдаған сәті видеоға түсіп қалған

Үнемі жарыстарға қатысып жүрген 15 жасар құстың Ыстықкөлдегі этнофестивальде алаңға жүгіріп шыққан балаға неге тап бергені белгісіз.

Sputnik Қырғызстан хабарлағандай, зардап шеккен қыздың есімі Азиза, фестиваль ұйымдастырушыларының бірі Назира Ақылбекованың сіңілісі.

"Сіңлім бүркіттер ұшырылған алаңға қалай тап болғанын білмей қалған. Бұған өзіміз кінәліміз. Жағдайы қазір жақсы, басындағы жарақатын тікті. Бүркіт тырнағын терісіне батырып алыпты, арқасы да сыдырылған. Қазір үйде, аздап қорқып қалған. Сол кезде жарысқа қатысушыларды тіркеп жатқан едім. Азиза қасымда тұрған", — дейді Ақылбекова.

Оқи отырыңыз:

ШҚО мектептерінде жаңа пән енгізіледі

Абай ауылындағы бала: Атышулы іске қатысты тергеу қалай жүріп жатыр?

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін