Метеорологтардың мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде циклонның және атмосфералық фронталь бөліктердің әсерінен алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп жазады Caravan.kz медиа-порталы.
27 маусымда республиканың солтүстік-батысында, 27-28 маусымда солтүстікте және шығыста, 29 маусымда батыста қатты жаңбыр жауады деп болжанады.
"Елде бұршақ жауып, дауыл және жел күшейеді деп болжанады. Температура күрт өзгермейді, ауа райы салқын болады", — деді синоптиктер.