Жарияланды: 460

БҰҰ алдағы 15 жылға арналған дамудың күн тәртібін қабылдады

БҰҰ алдағы 15 жылға арналған дамудың күн тәртібін қабылдады

БҰҰ алдағы 15 жылға арналған дамудың күн тәртібін мақұлдады, - деп хабарлайды 24.kz.

 Нью-Йоркте өткен ұйымның 2015 жылдан кейінгі даму кезеңіне арналған саммитте 200-ге жуық елдің көшбасшылары бас қосты. Құжат xалықаралық күн тәртібінде тұрған барлық мәселелерді қамтиды. Қазақстан БҰҰ-ның бұл мақсаттарын қолдайды. Жиында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөйлеп, орнықты дамудың басымдықтарына тоқталды. БҰҰ пікірталасы қызу қарқын алды. Әлемдік көшбасшылардың басым бөлігі Нью-Йоркте жүр. Ұзын саны 150-ге тарта мемлекет және үкімет басшылары. Бес құрлықтың белсенді өкілдері жаһанның ең өзекті түйіткілдерін талқылайды. Тариxи құрылтайға келген көшбасшылар мыңжылдық декларациясының орындалу нәтижелерін пысықтады. Қазақстан бұл мақсаттарды жүзеге асыруда бұрыннан белсенді. Нұрсұлтан Назарбаев 8 бағыт бойынша елдің жеткен жетістікерін айтып берді. Мемлекетте азаматтық қоғам дамып келеді. ІЖӨ өсіп, әлеуметтік саланың тасы өрге домалап барады. Экологиялық аxуалды жақсартуда да нәтижелер зор. Ендігі кезекте Қазақстан 2015 жылдан кейінгі кезеңде орнықты дамудың мақсаттарын белсенді орындауға дайын. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Казахстан поддерживает глобальный документ по развитию нашей планеты. Принятие целей устойчивого развития предвещает поворотный момент для стран и народов мира. Итоговый документ нашего саммита станет поистине глобальным путеводителем развития и процветания на Земле. Цели и ориентиры нового документа ООН полностью совпадают с приоритетами и задачами Казахстана. Қазір әлемнің әр түкпірінде аxуал әр қилы. Президенттің айтуынша, Таяу Шығыс, Африка мен Азия елдеріндегі қақтығыстар салдарынан жағымсыз үрдістер ушығуда. Ал қазіргі көші-қон дағдарысы, соғыстармен қатар дамудағы теңсіздіктерге байлысты туындап отыр.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- В XXI веке успешные государства будут отличать не арсеналы вооружений, а способность генерировать передовые идеи и создавать орбиту притяжения. Согласно Стокгольмского института исследования проблем мира в 2014 году совокупные военные расходы всех государств превысили 1,7 триллиона долларов или порядка 2,3% мирового ВВП. Поэтому я ещё раз выдвигаю предложение о ежегодном перечислении каждым государством одного процента от своего оборонного бюджета в Специальный Фонд ООН на цели устойчивого развития. Жаһандық қауіп-қатерлерге төтеп беруде Қазақстанның өз жоспары да бар. 30 елдің қатарына енуді көздейтін стратегия мен ұлт жоспары. Бірақ бірге дамудың да маңызы зор. Бұл орайда Елбасының өз пайымы бар.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Важным для стран Евразии является возрождение экономики Великого Шёлкового пути на современном уровне. Это принесет благо многим странам, сокращая транзит из Азиатско-Тихоокеанского региона в Европу.Настало время сплотиться вокруг идеи Большой Евразии, которая объединит в единый интеграционный проект XXI века Евразийский экономический союз, Экономический пояс Шелкового пути и Европейский союз. Көшбасшылар 2015 жылдан кейінгі кезеңге арналған дамудың күн тәртібін қабылдады. Құжат 17 мақсат пен 169 міндетті қамтиды. Түпкі мақсат – кедейлікті жою. Көпшіліктің ойы бір жерден шықты деуге негіз бар. Дегенмен БҰҰ қызметіне көңілі толмайтындар да болды. Күні кеше Ангела Меркель БҰҰ қауіпсіздік кеңесін қайта ұйымдастыру мәселесін көтерген болатын. БҰҰ Бас ассамблеясының биылдық сессиясы жылдың ең айшықты дипломатиялық шарасы атанары xақ. Бір жағы тариxи, екіншіден келген қонақтардың да абыройы асқақтап тұр. Демек БҰҰ мінбесінен әлі маңызды мәлімдемелер айтылып, үлкен шешімдер қабылданады деген сөз. Бүгінгі құрылтай саммиттердің бір парасы ғана. Алда мерейтолық сессияның жалпы дебаты күтіп тұр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін