Жарияланды: 470

БЖЗҚ-ны Ұлттық банк бақылауынан шығару қажет

БЖЗҚ-ны Ұлттық банк бақылауынан шығару қажет

Ұлттық банк банк секторының барлық субъектілеріне қызметі тоқтаған кредиттер тұрғысынан стресс-тестілеу жүргізу қажет.

Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік Сарайында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында осылай мәлімдеді. 

Елбасы өз сөзінде капиталдану проблемасын шеше алмаған банктер қаржы жүйесінен «кетуі» қажет екенін айтты.

«Ұлттық банк орта мерзімді перспективада инфляция деңгейін 4 пайызға дейін төмендетуі керек. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын, проблемалық кредиттер қорын және басқа да қаржылық институттарды Ұлттық банк бақылауынан шығару қажет», - деді ҚР Президенті Н.Назарбаев.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін