Д. Назарбаеваның депутаттық өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды
![]() |
Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары депутат Дариға Назарбаеваның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы қаулы қабылдады. |
Еске сала кетейік, Мемлекет басшысының Жарлығымен жақында Дариға Назарбаева ҚР Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды. Ол бұл тағайындауға дейін Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары болған еді.
Д. Назарбаева 1963 жылы 7 мамырда Қарағанды облысының Теміртау қаласында туған. Саяси ғылымдар докторы, тарих ғылымдарының кандидаты. Ағылшын, итальян, неміс тілдерін меңгерген. «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының вице-президенті. «Хабар» агенттігі» ЖАҚ-ның президенті, «Хабар» агенттігі» ЖАҚ-ның директорлар кеңесінің төрайымы болған. 2004-2007 жылдары - ІІІ сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Республикалық «Асар» партиясының тізімі бойынша сайланған депутаты, «Аймақ» депутаттық тобының жетекшісі. 2007-2012 жылдары - «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры» Қоғамдық қорының директоры. 2012 жылғы 20 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы болды. 2014 жылғы 3 сәуірден Қазақстан Парламенті Мәжілісінің вице-спикері, сондай-ақ «Нұр Отан» партиясы фракциясының жетекшісі лауазымдарын атқарды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін