Дабылды ескерту: Синоптиктер тарихта болмаған ыстық келе жатқанын ескертті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дабылды ескерту: Синоптиктер тарихта болмаған ыстық келе жатқанын ескертті

Дабылды ескерту: Синоптиктер тарихта болмаған ыстық келе жатқанын ескертті

Синоптиктер тарихта болмаған ыстық келуі мүмкін екенін ескертті.

  • 17 Шiлде 2019
  • 564
Фото - Caravan.kz

Өзбекстанда биылғы жылдың шілдесі ел тарихындағы ең ыстық ай болуы мүмкін.

Синоптиктердің болжауынша, Өзбекстанда алдағы бірнеше аптада ми қайнатар ыстықтың беті қайтпайды, деп хабарлады Узгидромет.

Шілде метеобақылау тарихындағы ең ыстық ай ретінде рекорд орнатуы мүмкін.

Алғашқы онкүндікте ауа температурасы орташа көпжылдық мәннен 5 градусқа, ал екінші онкүндікте 5-7 градусқа жоғары болып тұр.

Рекордтар арасында: Самарқан – 39,9 градус, Нүкіс – 42,8 градус, Сырдария – 42,1 градус, Навои 42,6 градус ыстық.

Алдағы апталарда түнде шамамен 29 градусқа дейін, ал күндіз 40-45 градусқа дейін ыстық болады.

Аптап ыстық республикадағы пойыздар қозғалысына әсер етіп жатыр: шілде айының басында Самарқан-Бұхара және Бұхара-Хиуа бағыттарында жылдамдық шектелді.


Айта кетейік, Қазгидромет Түркістан және Қызылорда облыстарында, сондай-ақ Шымкентте дабылды ескерту жариялаған болатын.

Болжамға сәйкес, 17-19 шілдеде Түркістан облысының басым аумағында күн 43 градусқа, кей жерлерде 45 градусқа дейін ысиды. Ал Шымкентте +40-42 градус аптап ыстық болады.

17-19 шілдеде Қызылорда облысында да 40-45 градус ыстық болады деп болжанып отыр.

Соңғы жаңалықтар