Данэлия Төлешова Junior Eurovision байқауында алтыншы орын алды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Данэлия Төлешова Junior Eurovision байқауында алтыншы орын алды

Данэлия Төлешова Junior Eurovision байқауында алтыншы орын алды

Минскіде өткен «Балалар Евровидениесі» байқауында өнер көрсеткен отандасымыз Данэлия Тулешова алтыншы орынды иеленді.

  • 26 Қараша 2018
  • 20
Фото - Caravan.kz

Көрермендер мен әділқазылардың берген дауысы бойынша қазақстандық қатысушы 171 ұпай жинады. Ол онлайн дауыс беру нәтижесі бойынша Данэлия үшінші орында тұрған болатын, деп хабарлайды BAQ.kz.

Бас жүлдені 215 ұпай жинаған польшалық Роксана Венгель жеңіп алды. Екінші орынды 205 ұпаймен франциялық қатысушы алса, үшінші орынды 201 балмен автралиялық қатысушы алды.

Биыл байқауға 20 елден жас орындаушылар қатысты және Қазақстан алғаш рет бақ сынап отыр.


Данэлия Тулешова дүбірлі дода кезінде өзіне қолдау көрсетіп, жанкүйер болған барша қазақстандықтарға алғыс білдірді.

Соңғы жаңалықтар