«Дәретхана суын ағыза алмайтын халге жеттік»: Депутат Астананың тұтас бір ауданы сусыз қалғанын айтып, дабыл қақты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Дәретхана суын ағыза алмайтын халге жеттік»: Депутат Астананың тұтас бір ауданы сусыз қалғанын айтып, дабыл қақты

«Дәретхана суын ағыза алмайтын халге жеттік»: Депутат Астананың тұтас бір ауданы сусыз қалғанын айтып, дабыл қақты

Мәжіліс депутаты, ел арасында «Дәулеттен» атымен танылған Дәулет Мұқаев Астананың тұтас бір ауданының сусыз қалғанын мәлім етті.

  • 5 Маусым 2023
  • 61
Фото - Caravan.kz

Халық қалаулысы елордада мұндай жағдай алғаш рет емес екенін, жалпы шаһарда су мәселесі өзекті болып тұрғанын басып айтты, деп хабарлайды Caravan.kz.

Депутаттың сөзінше бүгінде қалада демалыс күндері мүлдем су өшетін болған.

«Судың да сұрауы бар деген осы. Осы кезге дейін краннан су кішкене болсын ағып тұрушы еді. Демалыс күндері түнде мүлде су жоқ. Жуынбақ түгіл, дәретхана суын ағыза алмайтын халге жеттік. Бұрыннан кранның суын іше алмаймыз, фильтр немесе литрмен сатып аламыз. Астанаға көшушілер мен туу арқылы көбейгендер саны жыл сайын +100.000 адамнан асуда. Қазір қала халқы 1.4 миллионға жуықтады. Негізі қазіргі Астана миллион тұрғынға ғана есептелген. Кей елдердің қалаларында 10-15 миллион халық тұрады. Тіпті, бүкіл Қазақстан халқы бар 20 миллион тұрғындық қалалар жетеді. Олардың көбінде су мәселесі дұрыс жолға қойылған. Ал біз болсақ…», — деп жазды ол.

Көпшілік депутаттың бұл сөзін жоққа шығармаған. Астаналықтар қалада сансыз көп салынған үйлердің кесірінен, су проблемасы өршіп тұрғанын айтқан. Олар қала билігін ауыз су мәселесін тез арада шешуді талап еткен.


«Қазақтарда бәрі жоқ үй жоқ, су жоқ, жер жоқ, бір күні өзіміз жоғалып кетпесек болды», «Жаңаөзенде де дәл солай жуынбақ түгіл тамақ пен ыдыс аяқ жууға зорға аламыз суды азғантай қысыммен», «Бір-бірімен жапсарласып салынған үйлердің кесірінен, бәрі керісінше бізде, алдымен үй, сосын суды тартады, аман болайықшы, өзгерген түгіміз жоқ, сол 30 жыл бойы жеген ұрылардың жемісін көріп жатырмыз» деп жазды олар.