Дарға асылған адам қайта тірілді - kaz.caravan.kz
  • $ 477.11
  • 545.58
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дарға асылған адам қайта тірілді

Дарға асылған адам қайта тірілді

Иран елінде жуырда бір килограмм есірткімен ұсталған, екі баланың әкесі Али Рызаға өлім жазасы беріліп, оған сот отырысы «дарға асу» туралы шешім шығарған еді. Сот үкімі осы айдың басында Боджнурд қаласында жүзеге асып, оны дарға асқан болатын.

  • 24 Қазан 2013
  • 580
Фото - Caravan.kz


Muslim.kz сайтының жазуынша, үкім орындалған сәттен 12 минут өткен соң түрме қызметкерлері Али Рызаны өлді деп моргқа апарып тастайды. Алайда, ертесі күні морг қызметкерлері әлгі адамның бойынан жаны шықпағанын көріп таңғалысты.

Бұл хабарды түрме билігі тосырқай қарсы алса, туыстары шаттыққа бөленді. Бірақ олардың қуанышы көпке созылмады. Өйткені, жергілікті сот органдары оның қайтадан дарға асылатынын айтқан еді. Бұл жағдайға Ұлтаралық Кешірім Ұйымы да арласып, Иран билік органдары сот үкімін қайта талқылауға жібереді. Нәтижесінде, кеше Иран Әділет Министірі Мұстафа Пүрмұхаммад «бір мәрте ажал тырнағынан аман қалған адамды екінші рет дарға асудың қажеті жоқ» деп, Али Рызаның екінші рет дарға асылмайтындығы туралы БАҚ өкілдеріне мәлімдеме жасады.