Дәрігерлер әйелдердің жыныстық құмарлығын арттыратын спорт түрін анықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.37
  • 474.49
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
2 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дәрігерлер әйелдердің жыныстық құмарлығын арттыратын спорт түрін анықтады

Дәрігерлер әйелдердің жыныстық құмарлығын арттыратын спорт түрін анықтады

Велосипед жүргізумен үнемі айналысатын әйелдерде құмарлық сезімі жоғары болады екен.

  • 20 Наурыз 2018
  • 879
Фото - Caravan.kz

Мұндай шешімге Берклидегі Калифорния университетінің мамандары келіп отыр, ал олардың бұл жұмыстары MedicalXpress басылымында жарияланды.

Бұл зерттеуге 3118 әйел қатысқан, ал олардың жартысы үнемі велосипед жүргізеді екен. Дәрігерлер олардың денсаулық жағдайын салыстырып, басты назарын несеп-жыныс жүйесіне салған. Сонымен қатар, жас ерекшелігі, жүрек қан-тамыры жүйесінің жағдайы мен дене салмағы сияқты факторларды есепке алған. Велоспортпен айналысатындардың несеп жолдарының инфекциясына жиі шалдығатыны анықталған. Авторлардың пікірінше, бұл орындықтың қысым жасап, ауру тудырушы бактерияларды ішке қарай "итеруімен" байланысты деген ойда. Сонымен қатар, велосипедті ұзақ тебу шаптағы тамырлардың қысылып, жыныс мүшелерінің жансыздануына әкеледі. Алайда бұл спорт түрі адамның құмарлығына басқаша әсер етеді екен. Зерттеу мәліметтері бойынша, велосипедті үнемі тебетін әйелдер өзге әйелдерге қарағанда жыныстық аутқулардан сирек зардап шегеді және жыныстық қатынасқа жиі баратын болып шықты.
 

Ұқсас тақырыптар: 

Шымкенттік велосипедші жұрттың көзінше анайы «ойын» көрсетті
Астанада велосипед ұрлап жатқан жігіт камераға түсіп қалды
Соңғы жаңалықтар