Жарияланды: 460

Даусы ерекше мектеп қызметкері (ВИДЕО)

Даусы ерекше мектеп қызметкері (ВИДЕО)

Ерекше талант иелері қарапайым азаматтардың арасынан шығады. Жұртшылық олардың есімін ғаламтор арқылы та естіп-біледі.

 Ендігі ретте ғаламдық желінің жаңа жұлдызы АҚШ-тағы асханалардың бірінде қызмет ететін мектеп қызметкері болды, деп хабарлайды 24.kz.

52 жастағы Бекки Алдерфер мектептегі түскі ас кезінде Merry Little Christmas әнін орындап, тыңдармандарын таңдай қақтырды. Зор тебіреніспен жаңажылдық әнді орындаған әйел отырғандарды түгел дерлік еліте білді. Таңданысын жасыра алмаған оқушылардың бірі оны бейнеге түсіріп, ғаламторға жүктепті. Беккидің әріптестері оның дарынды екенін бұрыннан білетіндерін айтса, оқушылар үшін бұл үлкен жаңалық болды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін