Дэвис кубогі: Плей-офф кезеңінде кездесетін құрамалар арасында жеребе тартылды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дэвис кубогі: Плей-офф кезеңінде кездесетін құрамалар арасында жеребе тартылды

Дэвис кубогі: Плей-офф кезеңінде кездесетін құрамалар арасында жеребе тартылды

Лондон қаласында теннистен «Дэвис кубогінің» плей-офф кезеңінде кездесетін құрамалар арасындағы жеребе тарту рәсімі өтті.

  • 12 Сәуiр 2013
  • 506
Фото - Caravan.kz

Шара нәтижесінде жасақталған жұптар халықаралық доданың әлемдік тобына өту үшін бақ сынасады. Нәтижесінде Рафаель Надаль өнер көрсететін Испания құрамасы Украина теннисшілерімен кездесетін болды. Хорватия құрамасы ұлыбританиялықтармен бақ сынасса, Германия құрамасы Бразилия спортшыларымен сынға түседі. Ал Қазақстан құрамасынан жеңілген Австрия голландиялық теннисшілерімен кездеседі.

Айта кетейік, жерлестеріміз жарысты бірден жоғары топта бастайды, деп хабарлайды 24.kz.