Демалыс күндері Алматы, Астана және Шымкентте ауа райы қандай болады - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Демалыс күндері Алматы, Астана және Шымкентте ауа райы қандай болады

Демалыс күндері Алматы, Астана және Шымкентте ауа райы қандай болады

Қазгидромет болжамы бойынша, Астанада:

  • 22 шілдеде көшпелі бұлт шығады, түн?

  • 21 Шiлде 2023
  • 47
Фото - Caravan.kz

Қазгидрометтің синоптиктері 21 шілдеде Астана, Алматы және Шымкент қалаларының 22-24 шілде аралығындағы ауа райы болжамын жариялады деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
 

Қазгидромет болжамы бойынша, Астанада:

  • 22 шілдеде көшпелі бұлт шығады, түннің бірінші жартысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батыстан соғатын жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +13+15°С, күндіз +27+29°С.
  • 23 шілде – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 7-12 м/с жел соғады. Түнде +13+15°С, күндіз +28+30°С.
  • 24 шілде – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 7-12 м/с жел соғады. Түнде +15+17°С, күндіз +28+30°С.

Алматыда 22 шілдеде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, солтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел соғады. Оңтүстік мегаполисте түнде +21+23°C болады. Күндіз Алматыда қатты аптап ыстық болады деп ескертеді синоптиктер: +33+35°С.


23-24 шілдеде Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Түнде +23+25°C, күндіз қатты ыстық +34+36°C.

Шымкентте ыстық ауа райы сақталады:

  • 22 шілде – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел 8-13 м/с. Түнде +20+22°С, күндіз +36+38°С.
  • 23 шілде – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел 8-13 м/с. Түнде +20+22°С, күндіз +36+37°С.
  • 24 шілде – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел 8-13 м/с. Түнде +23+25°C, күндіз қатты ыстық +38+40°C.