«Дені дұрыс дәрігердің нөмірін берші дейтін болдық»: Мәжіліс депутаты денсаулық сақтау саласындағы бар былықты жайып салды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Дені дұрыс дәрігердің нөмірін берші дейтін болдық»: Мәжіліс депутаты денсаулық сақтау саласындағы бар былықты жайып салды

«Дені дұрыс дәрігердің нөмірін берші дейтін болдық»: Мәжіліс депутаты денсаулық сақтау саласындағы бар былықты жайып салды

Мәжіліс депутаты Дәулет Төлеутайұлы сапасы сын көтермейтін оқулықтарды сынға алып, денсаулық сақтау министрлігіне өтірік статистиканы көрсетпеуін сұрады.

  • 23 Маусым 2023
  • 57
Фото - Caravan.kz


Айтуынша жақында ғана блогердің әкесіне отандық дәрігерлер үш түрлі диагноз қойған деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бұл туралы ойын ол әдеттегі жиындардың бірінде, денсаулық сақтау министрлігі өкілдеріне айтты.

«Ажар ханымға айтайын деп едім, кетіп қалды. Дәрігерлер дейміз, түптеп келгенде, қазіргі интерн, студент болсын біліміне мән бермейміз, оқулықтың барлығы орысшадан қазақшаға аударылады. Олардың келетін тесттерінде де мән-мағынасы жоқ сұрақтар. Мысалы алты айлық бала дәрігерге шағым түсірді деп жүреді… Ол жылда көтеріліп келе жатқан мәселе, тестілеу орталығына хабарлассақ, қағаз жүзінде бәрі «күшті» деп келеді, білім министрлігімен келісілген дейді. Сосын дәрігерлердің жалақысы 454 мың деп көрсетесіздер, сұрастырсам, ешқайсысы мұндай жалақы алып жатқан. Алған күннің өзінде біз ұйықтамай, тәулік бойы жұмыс істеп сондай жалақыны аламыз дейді. Министрлік өкілдері дәрігер, студенттерден сұрап көрдіңіздер ме? Методиканы алған кезде бәрін шетелден аламыз, АҚШ, Сингапур т.т. Олардың айлықтарын білесіздер ме, 1,5 млн теңге. Халықтан ақша жинаған кезде сөйтеміз, ал беретін кезде біз олардың айлықтарымен қызықпаймыз. Өтірік статистика мен өтірік, жалған дүниелерді жасаймыз. Кім түсінеді оқулықтардағы осындай аударманы? Білім қандай болса, диагноз сондай болады. Біз дәрігерге барамыз ба, біз «дені дұрыс дәрігердің нөмірін берші» дейтін болдық. Біз бір жерге барамыз ба, үш дәрігерге барып, үш дәрігердің диагнозын салыстыратын жағдайға жеттік. Ол менің әкемде де өтті осы жақында ғана… Семей бір, Астана екі түрлі диагноз айтады. Сенесіздер ме, сөйтті де, Стамбулға келді. Біз өзіміз депутат ретінде халықтың жағдайын жасауымыз керек, бірақ ертеңгі күні міне, халықтан да сөз шығады, бізге жан, денсаулық, ата-ана керек. Жарайды біз жаспыз, ертең қартайған кезде сол оқып жатқан, білім алып жатқан дәрігердің алдына барамыз ғой? Бірақ қай бетімізбен барамыз деген сұрақ туындайды. Ажар ханымға жібереді отчетті, бәрі күшті, бәрі күшті аударылған деп. Мен мына жерден ешқандай күшті аударма көріп отырған жоқпын. Талай жыл телевизия саласында, редактурада істегенмін, бірақ мұндай қателіктерді ешқашан көрген жоқпын. 30 жыл бойы өтірік статистикамен отырмыз. Мені қосып қойыңыздаршы сол аудармаға, мен өз оқырмандарыммен, елге, ұлтқа жаны ашитын адам ретінде, тегін-ақ қызмет етейік сол мәселеге келгенде. Міне бір-бірлеріңізге сілтейсіздер, көріп отырсыздар ғой? Ешкім жауапкершілік алғысы келмейді, түптеп келгенде ұлт қиналады. Өзіміз 20 млн ғана қазақпыз, оның ішінде 12 млн-ы ғана қазақ», — деп налыды депутат.