Денис Тен әлем чемпионатына қатыспайтын болды - kaz.caravan.kz
  • $ 460.8
  • 541.21
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Денис Тен әлем чемпионатына қатыспайтын болды

Денис Тен әлем чемпионатына қатыспайтын болды

Сочи Олимпиадасының қола және Әлем чемпионатының күміс жүлдегері қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен Жапонияда өтетін әлем біріншілігіне қатыспайды.

  • 6 Наурыз 2014
  • 443
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы бүгін ол өзінің Твиттердегі парақшасында мәлім етті.

«Өкінішке орай, мен әлем чемпионатында болмаймын. Келуді жоспарлап отырған жанкүйерлер алдында кешірім сұраймын. Барлығы шешілгеннен кейін тың күшпен қайтіп ораламын», — деп жазады спортшы.
Жапонияның Саитаме қаласында 24-30 наурыз күндері өтетін біріншілікте Қазақстан намысын Абзал Рақымғалиев қорғайтын болды.