Депутат Назарбаева күш құрылымдарының президентке оң тізгінді көліктердің қатысуымен болған апаттар саны туралы жалған ақпарат беруінің себебін анықтауға ұсыныс жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Депутат Назарбаева күш құрылымдарының президентке оң тізгінді көліктердің қатысуымен болған апаттар саны туралы жалған ақпарат беруінің себебін анықтауға ұсыныс жасады

Депутат Назарбаева күш құрылымдарының президентке оң тізгінді көліктердің қатысуымен болған апаттар саны туралы жалған ақпарат беруінің себебін анықтауға ұсыныс жасады

АЛМАТЫ. 19 - сәуір. Kazakhstan Today. Мәжіліс депутат Дариға Назарбаева күш құрылымдарының президентке оң тізгінді көліктердің қатысуымен болған апаттар саны туралы жалған ақпарат беруінің себебін анықтауға ұсыныс жасады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

  • 19 Сәуiр 2007
  • 472
Фото - Caravan.kz

«Күш құрылымдарының президентке оң тізгінді көліктер жолдардағы апаттардың негізгі себепшісі болып табылады деген жалған ақпарат беру себептерін анықтау қажет»,- деді Д. Назарбаева бүгін Алматыдағы VI Еуразиялық медиа-форум аясында өткен брифингте.

«Біз демократиялық қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Парламент — биліктің бір саласы, сондықтан да депутаттардың осы мәселеде де айтары бар екендігін естен шығармаңыздар»,- деп еске сала кетті Д. Назарбаева. «Біріншіден, олар өздерін сайлаушылардың мүдделерін қорғайды»,- деп атап өтті мәжіліс депутаты.

«Біз оң тізгінді көліктер кезінде, тіптен қазіргі күнде де ақшаларын ұзақ жылдар бойы жинаған орта табысты адамдар үшін қол жетерлік көлік екендігін білеміз. Сөйте тұра, осындай шолақ шешіммен оларды осы қозғалыс құралдарынан айыру — бұл дәл осы жағдайда меніңше саяси және әлеуметтік қате шешім болады»,- деп мәлім етті Д. Назарбаева.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті