Жарияланды: 610

Депутаттың бетіне түкірді! Р.Балгин Бердоңғаровтан кегін қайтармақ болыпты

Депутаттың бетіне түкіріп өш алды. Журналист әрі оқытушы Рафаэль Балгин Мәжіліс депутаты Бердоңғаровтан осылайша кегін қайтармақ болыпты.

Айтуынша, халық қалаулысымен арадағы дау осыдан 8 жыл бұрын болған. Ол кезде Рафаэль Балгин университетте сабақ беріп жүрген. Алайда шәкірт қыздарының бірімен сөзге келісіп қалыпты. Сол кезде өзін әлгі бойжеткен студенттің сүйіктісімін деп таныстырған  Бердоңғаров оған қоқаң-лоққы көрсеткен екен. Тіпті соның кесірінен педагогтың жұмыс орнын ауыстыруына тура келіпті. Кек қайтарудың реті енді түскен. Депутатты көшеден көріп қалған журналист «жұрттың көзінше оған түкіріп жібердім»дейді. Ол да қарап қалмаған көрінеді. Бірақ Бердоңғаровтың өзі  аталмыш  мәселеге қатысты сұхбат беруден баст тартты. Тек бетіне түкірген журналистті сотқа бермек.

Рафаэль Балгин, журналист:

- Мен ол сәтте ештеңе ойлаған жоқпын. Тек бар ойым,егер оның мұрнын бұзсам, сотталып кетімін, сондықтан бетіне түкіріп жібердім. Есесіне,көңілім көншіп қалды.   

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін