Жарияланды: 490

Deutsche Bank 23 мың қызметкерін қысқартпақ

Deutsche Bank 23 мың қызметкерін қысқартпақ

Deutsche Bank 23 мың қызметкерін қысқартуды ұйғарды, - деп хабарлайды http://www.24.kz/ .

Осылайша қаржылық ұйымда еңбек ететін әрбір төртінші адам жұмыссыз қалғалы отыр. Негізінен техникалық мамандар мен Deutsche Bank-ке қарасты Postbank компаниясының жұмысшылары нәпақадан айырылатын түрі бар. Мұндай қайта құрылымдау жоспарын банктің жаңа бас директоры Джон Крайан ұсынып отыр. Deutsche Bank айыппұлдар мен сот шығындарының күрт ұлғаюынан осындай қатаң үнемдеу реформасын жүргізуге мәжбүр. Айта кетейік, бұған дейін неміс қаржылық ұйымының әлем бойынша бірнеше бөлімшесі жабылып, операциялары қысқарады деген ақпар тараған болатын.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін