Deutsche Bank қателесіп клиенттің шотына 6 млрд. доллар жіберді - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Deutsche Bank қателесіп клиенттің шотына 6 млрд. доллар жіберді

Deutsche Bank қателесіп клиенттің шотына 6 млрд. доллар жіберді

2015 жылдың маусымында Deutsche Bank AG валюталық бөлімшесі АҚШ-тағы хедж-қорының клиенттік шотына қателесіп 6 миллиард доллар жіберіп қойды.

  • 20 Қазан 2015
  • 433
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы жағдаймен таныс дереккөздерге сілтемемен Financial Times хабарлап отыр. Басылымның нақтылауынша, қате келесі күні түзетіліп, банк ақшаны қайтарып алды.

Қаражатты бастығы демалыста болған кезде қателесіп жіберіп қойған валюта сату бөлімінің кіші қызметкері, деп хабарлады FT-ға дереккөздер. Банк болған жайт туралы Ұлыбританияның қаржылық қадағалау басқармасына, Еуропалық орталық банкке және АҚШ-тың Федералдық қор жүйесіне хабарлады, деп нақтылады басылым.

Банк өкілдері түсініктеме беруден бас тартты, деп атап өтеді FT.