«Дикий Арманның» оң қолы деп айыпталған ақын Айнұр Тұрсынбаеваның күйеуі ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Дикий Арманның» оң қолы деп айыпталған ақын Айнұр Тұрсынбаеваның күйеуі ұсталды

«Дикий Арманның» оң қолы деп айыпталған ақын Айнұр Тұрсынбаеваның күйеуі ұсталды

Бүгін еліміздің ІІМнің баспасөз қызметі "Дикий Арман" бастаған қылмыстық тобының 80-нан астам мүшесі ұсталғанын мәлімдеді. Оларыдың ішінде танымал айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның күйеуі Нұржан Иманәлиев те бар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

  • 14 Шiлде 2023
  • 537
Фото - Caravan.kz

 

Айтыскердің өзі болған жағдайға қатысы ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.

Нұржан Иманәлиевтің осы уақытқа дейін халықаралық іздеуде болғаны

Нұржан Иманәлиевтің қамауда отырған Арман Жұмагелдиевпен тығыз байланыста екені көпшілікке белгілі. Оның әлеуметтік желідегі парақшасында соңғы жарияланған суретте Арман Жұмагелдиевпен бірге тұрғанын көруге болады.

Еске салайық, "Дикий Арман" лақап атымен танымал қылмыс әлемінің серкесі Арман Жұмагелдиев былтыр 7 қаңтарда ұсталған болатын.


Кейін ҚР Бас прокуратурасы "Дикий Арманның" Ұлттық қауіпсіздік қызметінің тергеу изоляторында отырғанын мәлімдеді. Содан бері оны қамауда ұстау мерзімі тоқтаусыз ұзартылып келеді.