Д.Марадона мен З.Зидан Рим Папасы ұйымдастырған сайысқа қатысты - kaz.caravan.kz
  • $ 460.8
  • 541.21
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Д.Марадона мен З.Зидан Рим Папасы ұйымдастырған сайысқа қатысты

Д.Марадона мен З.Зидан Рим Папасы ұйымдастырған сайысқа қатысты

Рим қаласындағы Олимпиада стадионында «Газа секторындағы бейбітшілік үшін» бастамасымен футболдан арнайы сайыс ұйымдастырылды.

  • 2 Қыркүйек 2014
  • 445
Фото - Caravan.kz

  Матч Рим Папасының «Scholas» командасымен экс-футболшы Хавьер Санеттидің «Pupi foundation» клубы арасында өтті, деп хабарлады ИТАР-ТАСС. 

Ойында 6:3 есебімен Санеттидің командасы жеңіске жетті. 

Айта кетерлігі, матчқа бірқатар атақты футболшылар, атап айтқанда: Диего Марадона, Роберто Баджо, Джанлуиджи Буффон, Зинедин Зидан, Лионель Месси, Неймар, Андреа Пирло, Алессандро дель Пьеро, Андрей Шевченко қатысты.

Понтифик Франциск көптеген жылдардан бері аргентиналық «Сан-Лоренсо» клубының жанкүйері. Алайда, Рим Папасының өзі Олимпиада стадионындағы ойынды тамашалауға келген жоқ, тек бәсеке басталар алдында оның сөзі жазылған бейнежазба көрсетілген.