Допты хоккей: Е.Нұғманов биылғы маусымда соққан гол санын 23-ке жеткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Допты хоккей: Е.Нұғманов биылғы маусымда соққан гол санын 23-ке жеткізді

Допты хоккей: Е.Нұғманов биылғы маусымда соққан гол санын 23-ке жеткізді

8 қаңтар күні допты хоккейден жоғары лига командалары арасында Ресей чемпионатында өнер көрсететін Оралдың «Ақжайығы»

  • 9 Қаңтар 2014
  • 378
Фото - Caravan.kz

өз айдынында Саратовтың «Универсалын» қабылдады.

Жаңа жылдағы алғашқы ойынын Дмитрий Иванников баптайтын батысқазақстандықтар барынша жинақы өткізіп, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Әсіресе, команда капитаны әрі сұрмергені, Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Ескендір Нұғманов хет-триктің авторы атанып, осы маусымда соққан доп санын 23-ке жеткізді. Сондай-ақ Александр Шавалдин, Петр Грибанов, Самат Аманшин қонақтар қақпасын дәл көздеді.

Бұл ойыннан кейін 30 ұпай жинаған оралдықтар екінші топта көш басындағы «СКА-Свердловск» (Екатеринбург) командасын қуып жетті. 9 қаңтар күні «Ақжайық» пен «Универсал» командалары екінші ойынын өткізеді.