Допты хоккей: Оралдың «Ақжайығы» екінші ойында да Самараның «Динамосын» жеңді - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Допты хоккей: Оралдың «Ақжайығы» екінші ойында да Самараның «Динамосын» жеңді

Допты хоккей: Оралдың «Ақжайығы» екінші ойында да Самараның «Динамосын» жеңді

13 қаңтар күні Оралдың «Ақжайығы» Самара облысының «Динамосымен» екінші кездесуін өткізіп, 5:1 есебімен жеңіске жетті.

  • 14 Қаңтар 2013
  • 362
Фото - Caravan.kz

Бұл ойында Алматыда өткен қысқы Азия ойындары кезінде ел намысын қорғап, «Ақжайықтың» құрамына келіп қосылған Хромтау допты хоккейінің түлегі Сұлтан Қадыржанов екі гол соғып, көзге түсті. Сондай-ақ Арыстан Қазыбаев, Александр Шавалдин және 1995 жылғы Максим Өтебалиев бір-бірден доп енгізсе, қонақтардан Шамиль Шагеев қана мергендік танытты.

Осы ойыннан кейін 23 ұпай жинап, үшінші орынға көтерілген «Ақжайық» 19-20 қаңтарда Верхний Уфалейдің «Никельщик» командасын қабылдайды.