Допты хоккей: Қазақстан құрамасы үшінші рет қатарынан қола жүлдегер атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 460.8
  • 541.21
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Допты хоккей: Қазақстан құрамасы үшінші рет қатарынан қола жүлдегер атанды

Допты хоккей: Қазақстан құрамасы үшінші рет қатарынан қола жүлдегер атанды

 Иркутск қаласында мәреге жеткен допты хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы қола жүлдегер атанды.

  • 3 Ақпан 2014
  • 254
Фото - Caravan.kz

Үшінші орын үшін бәсекеде қазақстандықтар өздерінің тұрақты қарсыласы — финдермен шеберлік байқасты. Кездесу Алексей Никишовтың шәкірттері үшін сәтсіз басталып, финдер бірінші таймда 2:0 есебімен алға шықты. Дегенмен екінші таймда қазақстандық бенди шеберлері таразы басын аудара білді. Сөйтіп 5:3 есебімен жеңіске жетті. Ойын нүктесін команда капитаны Рауан Исалиев қойды.

Сонымен, қазақстандықтар үшінші рет қатарынан әлем біріншілігінің қола медалін иеленді. Ал финалда ресейліктер шведтерді 3:2 есебімен жеңіп, әлем чемпионы атағын сақтап қалды.