Дүкен тонамақ болған ұры терезенің торына кептеліп тұрған жерде қолға түсті
![]() |
Оралда дүкен тонамақ болған жергілікті тұрғын құрықталды. |
Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол түнде терезеден кіріп азық-түлік дүкенін тонамақ болған. Бірақ басын сұққан ол терезедегі торкөзге кептеліп қалған.
Қаскөй аумақты шолып жүрген патрульдік полицейлердің көзіне түсіпті. Алайда ұрыны терезенің «тұтқынынан» босату үшін алдымен құтқарушыларды шақыруға тура келді, дейді полицейлер.
Тәртіп сақшыларының дерегінше, ұрының қасындағы сыбайласы полицейлерді көрісімен оқиға орнынан қашып кеткен көрінеді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін