Дүниежүзілік банк Жастар корпусын дамыту жобасына 21,7 млн. доллар бөледі - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дүниежүзілік банк Жастар корпусын дамыту жобасына 21,7 млн. доллар бөледі

Дүниежүзілік банк Жастар корпусын дамыту жобасына 21,7 млн. доллар бөледі

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасы мен энергия тиімділігін арттыру бағдарламаларына және жастар корпусын дамытуға арналған бір донордың Траст қоры әкімшісі ретінде әрекет етуші Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы грант туралы (Жастар корпусын дамыту жобасы) келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады.

  • 13 Қаңтар 2016
  • 561
Фото - Caravan.kz

Құжатқа сәйкес, Дүниежүзілік банк Жастар корпусын дамыту жобасын қаржыландыруға жәрдем көрсету үшін Қазақстанға осы келісімде жазылған немесе айтылған тәртіппен 21 млн. 763 мың доллары мөлшерінде грант бөледі. Грант Траст қорының қаражатынан қаржыландырылады, оны толықтыру үшін Дүниежүзілік Траст қорының донорын кезеңдер бойынша жарналар алынып отырады.

Жобаның мақсаты жастардың, әсіресе әлеуметтік тұрғыдан осал топтарының қоғамдық өміріне тартылуын ынталандыру, қоғамдастықтың игілігі жолындағы қоғамдық пайдалы қызмет дағдыларына оқыту бағдарламалары арқылы олардың өмірлік маңызды дағдыларын дамыту болып табылады.

Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповтың айтуынша, бұл келісімді жүзеге асыру үшін елімізде жеткілікті құқықтық қолдаулар қалыптасқан.


Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Сенатқа жолданады.