Дүниежүзілік бокс сериясына жақын арада Куба қосылады - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дүниежүзілік бокс сериясына жақын арада Куба қосылады

Дүниежүзілік бокс сериясына жақын арада Куба қосылады

- Дүниежүзілік бокс сериясының төртінші маусымында (WSB) жобаға Куба елінің клубы қосылады.

  • 13 Мамыр 2013
  • 430
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Астанада өткен баспасөз мәслихатында Халықаралық бокс қауымдастығының (AIBA) президенті Чинг-Куо Ву мәлім етті.

«Жақын арада WSB-ге жаңа командалар қосылатындығын хабарлағым келеді, оның ішінде Куба командасы да бар. Менің ойымша, бұл AIBA-ға қосымша қуат бере түседі», — деп атап өтті «Астана арландары» мен «Украиналық атамандардың» WSB үшінші маусымының финалдық кездесуіне қатысқан Чинг-Куо Ву.

Бұл ретте, AIBA басшысының айтуынша, WSB-ге қатысушылардың саны өзгеріссіз қалады — 12 команда.

Жартылай кәсіпқой бокс лигасы АІВА-ға қарасты әуесқой-боксшыларға арналған Халықаралық бокс қауымдастығы болып табылады. WSB-те 5 салмақтық дәреже бар: аса жеңіл — 54 келіге дейінгі, жеңіл — 61 келіге дейінгі, орташа — 73 келіге дейінгі, жартылай ауыр — 85 еліге дейінгі және ауыр — 91 келіден жоғары. Жұдырықтасу үш минуттық бес раундтан тұрады.