Жарияланды: 520

Е. Ыдырысов: Қазақстан «ЭКСПО-2017» сәтті өтуіне барынша күш салуда

Е. Ыдырысов: Қазақстан «ЭКСПО-2017» сәтті өтуіне барынша күш салуда

Астанада ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) Бас директоры Висенте Лоссерталеспен кездесті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Министр Астана қаласында «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге дайындық барысында ХКБ-ның қолдауын жоғары бағалады және халықаралық қатысушыларды тарту, сондай-ақ беделді халықаралық алаңдарда «Болашақ энергиясы» тақырыбын ілгерілету бойынша қазақстандық тараптың атқарған жұмысы туралы әңгімеледі.

Қазақстан басшылығы «ЭКСПО-2017» дайындығына ерекше назар аударатыны туралы баса айтылды. «Қазақстан көрменің табысты өтуіне барынша күш салуда», - деді министр. Тараптар алдағы бірлескен жұмыс жоспарларын талқылады.

Е. Ыдырысов В. Лоссерталесті ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясындағы сөйлеген сөзінің басты тезистерімен, сондай-ақ әлемдегі барлық мемлекеттерді «ЭКСПО-2017» көрмесіне шақырғанымен және Астанада БҰҰ қамқорлығымен «жасыл» экономиканы дамыту технологиялары мен инвестициялық жобалар жөнінде халықаралық орталықты ашу туралы ұсынысымен таныстырды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін