ЕАДБ БҰҰ бас ассамблеясында бақылаушы статусына ие болды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЕАДБ БҰҰ бас ассамблеясында бақылаушы статусына ие болды

ЕАДБ БҰҰ бас ассамблеясында бақылаушы статусына ие болды

Алматы. 7 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - БҰҰ ассамблеясы 6 желтоқсанда Еуразиялық даму банкіне (ЕДБ) БҰҰ бас ассамблеясында бақылаушы статусын беру жөнінде қарар қабылдады, деп хабарлайды агенттік ЕАДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 7 Желтоқсан 2007
  • 422
Фото - Caravan.kz

«ЕАДБ басқармасы төрағасының орынбасары Никита Толстиков атап өткеніндей, БҰҰ бас ассамблеясында банкті бақылаушы ретінде мойындауы, екі бірдей стратегиялық міндетті орындайды. Біріншіден- ресми түрде халықаралық ұйым ретінде мойындаламыз, екіншіден, аймақтарда инвестиция тартудың ауқымын кеңейтуге мүмкіндік туады. Мұндай статус банк халықаралық қаржы институттарымен тиімді қарым-қатынас жасау, ЕАДБ қатысушы елдерінің инвестициялық жобаларын іске асыруға жол ашады», — деді ол.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, ЕАДБ статусы Бас ассамблеясының сессияларына қатысу, онда баяндамалар жасау, БҰҰ қарасты қаржы ұйымдары үшін аймақтық банкаралық, несие- қаржылық тақырыптарға арналған халықаралық шараларға қатысуға мүмкіндігі болады.

«Банктің бақылушы ретінде танылуы БҰҰ мамандырылған мекемелерімен қарым-қатынастарын дамытуға жол ашады: Дүниежүзілік банк, ЮНКТАД, ЭСКАТО и т.б. Бұл бірлескен аймақтық бастамаларды іске асыруға, ұйымдардың тәжірибесін, ЕАБР қатысушы мемлекеттердің нарықтық экономикасының дамуы мен тұрақтандыруға бағытында пайдалып, олардың арасында сауда-экономикалық байланыстырды нығайтуға болады», — делінген баспасөз хатында.

Баспасөз қызметінің деректері бойынша, банктің несиелік қоржыны $250 млн, ал казынашылық портфелі $1 млрд жақын. Банк Дүниежүзілік банкпен күрделі жобаларды қаржыландыру, казынашылық активтерді басқару саласында және тікелей инвестиция қорларына бірлескен инвестиция құю жөнінде қарым -қатынастарды кеңейтуді қарастыруда.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті