ЕАЭО басшылығы Норвегияны одаққа кіруге шақыратыны жайлы ақпаратты растады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЕАЭО басшылығы Норвегияны одаққа кіруге шақыратыны жайлы ақпаратты растады

ЕАЭО басшылығы Норвегияны одаққа кіруге шақыратыны жайлы ақпаратты растады

Еуразиялық экономикалық комиссия өкілі (ЕАЭО реттеуші өкілі) Норвегияны ЕАЭО-ға мүше болуға шақырту туралы ақпаратты нақтылады.

  • 23 Қыркүйек 2015
  • 334
Фото - Caravan.kz

Еуразиялық экономикалық комиссия баспасөз қызметінің хабарламасынада айтылғандай, Норвегияның ЕЭАО-ға кіру мәселесінің гипотетикалық сипаты бар, деп хабарлады РБК.

Норвегиялық Finansavisen газеті ЕЭК экономика және қаржылық саясат министрі Тимур Сүлейменовке Норвегия ЕАЭО-ның гипотетикалық мүшесі бола ала ма деп сұрақ қойған болатын.

«Иә, белгілі бір жағдайда Норвегияны одақ мүшесі ретінде көргіміз келеді. Алайда кеңейту жайында жедел жоспарларымыз жоқ: ЕАЭО-ға жақында Армения мен Қырғызстан қосылды», — деп жауап берді Сүлейманов.

Бұдан бұрын The Local басылымы Finansavisen-ға сілтеме жасап, мүшелері посткеңестік елдер болып табылатын ЕАЖО «одақ күтпеген жерден Норвегияны мүше болуға шақырды» деп хабарлады.


ЕАЭО құру туралы шарт 2015 жылғы 1 қаңтарда күшіне енді. Құрамында Ресей, Беларусь, Қазақстан бар. 2015 жылғы қаңтарда ЕАЭО-ға Армения, мамырда Қырғызстан Республикасы қосылды.