Жарияланды: 640

ЕАЭО елдерінде жеңіл өнеркәсіп кооперациясы дамитын болады

ЕАЭО елдерінде жеңіл өнеркәсіп кооперациясы дамитын болады

Еуразиялық Экономикалық Одақ елдері жеңіл өнеркәсіп кооперациясын дамытатын болады, деп хабарлады

БЕЛТА агенттігіне ЕЭК өнеркәсіп саясаты департаменті директорының орынбасары Галина Мартинкевичке сілтемемен Еуразиялық экономикалық комиссиясының баспасөз қызметі.

«Кооперациялық тауашалар былғары және аяқ киім, зығыр және зығыр бұйымдары, химиялық талшықтар мен техникалық тоқыма, жүнді өңдеу өндірісі салаларында, сондай-ақ химиялық кәсіпорындармен салааралық кооперациялау, инновациялық технологияларды игеру салаларында анықталған», - деді Галина Мартынкевич Мәскеуде өткен «Еуразиялық экономикалық одағында жеңіл өнеркәсіпті дамытудың стратегиялық басымдықтары: тиімді менеджмент, инновациялық даму, кәсіби еңбек ресурстарын тарту» атты халықаралық конференцияның барысында.

Оның айтуынша, өндірушілер мен тұтынушыларды ақпараттандыру, ЕЭК ЕАЭО-да технологиялық тізбектерін дамыту жағдайларын құру үшін серіктестердің қажетті ақпаратты алуын жеңілдететін бірқатар тізімдерді қалыптастыруға кірісті. Тізімдер тараптар ұсыныстарының негізінде жасалып, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің жоспарлап немесе іске асырып отырған кооперациялық және инвестициялық жобалардың тізімін, өндірушілер мен шығарылып отырған өнімдердің тізімін, кооперациялануға ниет білдірген кәсіпорындардың тізімін және ғылым ұйымдары мен инновациялық жұмыстардың тізімін қамтып отыр. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін