Жарияланды: 600

ЕАЭО мүше мемлекеттерде жалпы халық санағы 2020 жылы жүргізіледі

ЕАЭО мүше мемлекеттерде жалпы халық санағы 2020 жылы жүргізіледі

Еуразиялық экономикалық комиссия отырысында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде 2020 жыл халық санағын жүргізу раунды туралы» өкім жобасы мақұлданды. 

Жобаны ЕЭК интеграция және макроэкономиканың негізгі бағыттары бойынша алқа мүшесі (министрі) Татьяна Валовая ұсынды, деп хабарлады ЕЭК баспасөз қызметінде.
«Халық санағы - адами әлеуеттің сапасы мен саны туралы маңызды ақпарат көзі. Халық санағының нәтижелері сондай-ақ, статистиканың көптеген салаларына байланысты және мүше мемлекеттер ретінде де, тұтастай одақ ретінде де дамудың әлеуметтік-экономикалық индикаторын түзету және нақтылау мүмкіндігін береді», - деп атап өтті Татьяна Валовая.
Халық санағының нәтижелері халық саны мен құрылымы, оның еңбек қызметі және көші-қон орналасулары бойынша өзекті деректер алуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде халық санағы он жылда бір рет өткізіледі, бұл ретте әдіснамада және оны өткізу мерзімдерінде айырмашылық бар.
Нақты күні мен бағдарламасы белгіленетін халықтың ұлттық санағын жүргізу туралы шешімді мүше мемлекеттер үкіметтері қабылдайды. Халық санқтарының құжаттарын мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган бекітеді. Бұл ұлттық санақ заңнамасына толықтай сәйкес келеді.
Таяу мерзімде және статистикалық көрсеткіштердің терминологиясы мен әдіснамасындағы бірыңғай тәсілдер негізінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерде халық санағын өткізу санақ деректерінің салыстырмалылығын қамтамасыз ету үшін алғышарт болып табылады.
ЖЕЭК өкімін іске асыру ұлттық және одақтық жағдайда шешімдер қабылдап, жоспарлау үшін қажетті ЕАЭО аясында халық саны, еңбек ресурстары және көші-қон ағындары туралы салыстырмалы деректер алуға ықпал етеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін