Жарияланды: 500

ЕЭК табиғи монополиялар субъектілерін реттеу жүйесінің мониторингін жүргізеді

ЕЭК табиғи монополиялар субъектілерін реттеу жүйесінің мониторингін жүргізеді

Мәскеуде Энергетика және инфрақұрылым алқасының мүшесі Тайыр Мансұровтың төрағалық етуімен табиғи монополиялар жөніндегі консультативтік кеңестің жетінші отырысы өтті,

оның негізгі тақырыбы табиғи монополиялар қызметінің жыл сайынғы мониторингі үшін ЕЭК-тің Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен бірлесіп әзірлеген арнайы есеп нысаны болды.

Отырысқа ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің мемлекеттік билік органдарының уәкілетті өкілдері, тәуелсіз сарапшылар қатысты, деп хабарлады ЕЭК баспасөз қызметі.

Тайыр Мансұров 8 мамырда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің өкімімен 2010 жылы қабылданған Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімді іске асыру бойынша 2014 жылғы жұмыс нәтижелері туралы Ақпарат мақұлданғанын атап өтті.

Бұдан былай осы салада мониторинг Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы хаттама (ЕАЭО туралы шартқа №20 қосымша) аясында жүргізілетін болады.

Мониторинг үшін әзірленген арнайы есеп нысаны мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау, электр энергиясын беру және тарату, темір жол тасымалы/магистральдық темір жол желілері саласындағы табиғи монополиялар қызметін қамтиды. Есепте осы саладағы реттеу қағидаттары мен әдістері көрсетілген және  табиғи монополия субъектілерінің қызметін реттеуді және бақылауды жүзеге асыратын ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер органдарның практикалық қызметі туралы ақпарат бар.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін