Тексеру барысында белгі болғанындай, бес жыл ішінде әуе компаниясы ұшақтарды сатып алмай, оларды лизинг негізінде өз мүддесінде пайдаланып келген. «2004 жылы лизингке алынған бес «Фоккер-50» ұшағы осымен 17 жыл бойы пайдаланылуда. Олар өзінің құнын әбден жоғалтқан,-деп атап өтті ҚР Есеп комитетіндегілер.
«»Эйр Астана» АҚ қаржылық қорын көбейту үшін 2007 жылдың республикалық бюджетінен бөлінген ақшаға әуекомпаниясы жаңа әуе кемелерін сатып алмаған. Олар 2006-2008 жылдары азаматтық авиацияны дамыту бағдарламасында қарастырылған болатын»,-деді комитеттегілер. Сонымен қатар, тексеру қорытындысы бойынша, Қазақстан Республикасы мен «BAE Systems» компаниясы арасында қол жеткізілген меморандумның шарттары орындалмағаны анықталды. Арадағы құжат біріккен лизинг пен әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету компаниясы құруға қатысты болатын.
Комиеттің деректері бойынша, 2003-2005 жылдары акционерлердің жалпы жиналысы шығарған шешім бойынша, «Эйр Астана» АҚ таза табысынан алынған дивиденттер республикалық бюджетке төленбеген, және ол түспеген. Бұл акцияның бақылау пакетінің мемлекет қолында болғанына қарамастан болған оқиға.
Тексеру қорытындысы бойынша Есеп комитеті «Самұрық» мемлекет активтерін басқару жөніндегі холдингке мемлекет активтерін басқару жолдарын жақсарту және «Эйр Астана» АҚ әкімшілік шығындарын оптимизациялау жөнінде тапсырма берді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті