«экономика қарқынының қысқа мерзімге төмендеуі біздің ел үшін пайдасын тигізеді. Одан әрі қарай біз жоғарғы жылдамдықпен дамитын боламыз», — деп түсіндірді Н. Назарбаев.
Мемлекет басшысы атап өткеніндей, «барлық дүниежүзінде туындаған қаржылық түйіткіл, Қазақстанға да әсерін тигізуде». «2030 жылға дейінгі стратегиясын жасағанның өзінде, өмір өзінің өзгерістерін енгізетіні жөнінде айтқанбыз. Сонда мәселен майданда алдағы шептегі әскери күштер ілгері жылжып шабуыл жасаса, тыл артта қалды. Осыны болдырмау керек «, — деп атап өтті мемлекет басшысы.
«Біз аттарымызды аздап тежеп, тылды тартуымыз керек. Бұл Қазақстан үшін тиімді болады», — деген пікірде ол.
«Біздің жеке меншік банк жүйесі мемлекеттік рейтинг есебінен арзан нисиелерді дорбалап, сыртқы қарыздарын ұлғайтты. Енді бірінші кезекте сол қарыздардан құтылып жатыр, ал экономиканың несиелендірілуі күрделенуде. Сондықтан мемлекет басқару тізгінін өз қолына алып, тұрғындардың әлеуметтік жағдайының нашарлауына жол бермеуі керек», — деп мәлімдеді президент.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті