«ЭКСПО-2017» көрмесінің ғылыми материалдарына арналған интернет-портал іске қосылады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«ЭКСПО-2017» көрмесінің ғылыми материалдарына арналған интернет-портал іске қосылады

«ЭКСПО-2017» көрмесінің ғылыми материалдарына арналған интернет-портал іске қосылады

ҚР БҒМ Ғылым комитетінің төрағасы Болатбек Әбдірәсілов Үкіметтің баспасөз конференциясы аясында министрліктің «Экспо-2017&raq

  • 22 Қыркүйек 2017
  • 207
Фото - Caravan.kz

ҚР БҒМ Ғылым комитетінің төрағасы Болатбек Әбдірәсілов Үкіметтің баспасөз конференциясы аясында министрліктің «Экспо-2017» халықаралық көрмесінің ғылыми материалдары жинақталатын білім беру ресурсын құру туралы жоспарын айтты, деп хабарлайды Вnews.kz.

«Біз ақпараттық алаң құрамыз. Бұл негізгі білім беру технологиялары орналастырылатын сайт болуы мүмкін. «Экспо» мұрасын жоғалтып алмауымыз керек», — деді Болатбек Әбдірәсілов.

Б. Әбдірәсіловтің айтуынша, порталдың басты мақсаты — мектеп оқушылары мен білім алып жатқан жастарды бүгінде әлемде қолданыста бар ғылыми жетістіктерге араластыру, тарту. Сонымен қатар Қазақстанда «академиялық еркіндіктің» жаппай енгізілгенін ескере отырып, портал қазақстандық оқытушыларға өздерінің оқыту әдістемелерін жетілдіруге үлкен мүмкіндіктер береді.

Аталған ресурста ғылыми зерттеулерге де, білім беру мақсатында да қызығушылық тудыратын материалдарды топтастыру көзделіп отыр. Онымен қоса, ол тек мектеп оқушылары, мұғалімдер, студенттер, ЖОО-лардың оқытушылары мен ғалымдарға ғана емес, сондай-ақ Қазақстанның барлық қызығушылық танытқан азаматтарына қолжетімді болады.


Бұдан өзге, Б. Әбдірәсілов ендігі Қазақстанның шалғайда орналасқан ауылдарындағы мектептердің де білім беру технологиялары саласындағы жетістіктерге қосылуға мүмкіндіктері болатынын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар