Экс-шенеунік Бішкектің саунасында жезөкшелермен демалып отырған жерінде ұсталды
Қазақ саясаткерлері Бішкектегі саунада жезөкшелермен көңіл көтеріп отырған жерінде ұсталды. Жартылай жалаңаш күйінде жеңіл жүрісті қыздарды құшып отырғандардың арасынан интернет қолданушылары отандық экс-шенеуніктердің бірін танып қалған. |
-Нұрлан. Фамилиям Нургазин.
Әуретті жерін орамалмен жауып отырған азамат Нұрлан Нұрғазинмін деп отыр. Ал ол 2006 жылы Мәдениет министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінің төрағасы болғанын айта кетейік. Қырғыз басылымдарының жазуынша, Нұрғазин бір топ үзеңгілестерімен Қырғызстандағы Парламент сайлауы қарсаңында жергілікті партиялардың бірін қаржыландыруға келген. Бірақ әріптестерімен саунада жезөкшелермен тынығып отырған экс-шенеунік өзін Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерімін деп таныстырады. Әрі Бішкекке саяси науқан үшін емес, көңіл көтеруге келгенін айтып ақталуда. Саунадан Бішкектің Ішкі Істер бөліміне жеткізілген Нұрғазиннің портфелінен 15 мың доллар шықты. Ол бұл соманы тиын-тебен ғана деді.
-Портфельде не бар?
- Ақша.
- Қанша?
- Тиын тебен ғой.
- Қанша сонда?
- 15 мың доллар.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін