Экс-вице-министрдің дипломы жалған болып шықты
![]() |
Ресей Федерациясы Сібір Федералды округының құрамына кіретін Бурятия Республикасының астанасы |
Улан-Удэ мэрінің бұрынғы кеңесшісі және Бурятия құрылыс министрінің орынбасары Жаргал Дондуповтың жоғарғы білімін растайтын дипломы заңсыз деп танылды, деп хабарлады baikal-daily.ru.
Бұрынғы жоғары лауазымды шенеунік прокурорлық тексеріс нәтижелерімен дауласқанымен сотта жоғары білім алғанын дәлелдей алмады. Республика прокуроры орынбасарының арызы бойынша Улан-Удэ қаласы Совет аудандық соты Жаргал Дондуповтың жоғары білім жөніндегі дипломын заңсыз деп тапты.
Диплом Ресейдің халықтар достығы университетінен «заңгер» мамандығы бойынша алынған. Дондупов сырттай, қысқартылған оқу мерзімінде білім алғандықтан, толық курсты меңгермеген деген сот оның дипломын заңсыз деп тапты.
Алайда, Дондуповтың жалған дипломды пайдалану бойынша қылмыстық іс қозғалған жоқ. Өйткені, оны қылмыстық іске тарту мерзімі өтіп кеткен, деп хабарлады Бурятия прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін