Екі ай бойы көліктің жүксалғышында жатқан павлодарлық жүргізуші тірі қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Екі ай бойы көліктің жүксалғышында жатқан павлодарлық жүргізуші тірі қалды

Екі ай бойы көліктің жүксалғышында жатқан павлодарлық жүргізуші тірі қалды

Осыдан екі айдай уақыт бұрын Павлодар – Жезқазған тас жолында жоғалып кеткен КамАЗ жүргізушісі Виктор Оленбург Петропавлда көліктің жүксалғышынан табылды.

  • 21 Желтоқсан 2015
  • 560
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлайды.

“Иә, бауырым табылды. Бірақ қатты ашығып қалған әрі есеңгіреген күйде болды. Қазір жағдайы жақсарып қалды. Мұндай ауыртпалықты басынан өткерген ол 19-желтоқсан өзінің екінші туған күні болса керектігін айтады”, – дейді Виктор Оленбургтың ағасы Генадий Бугаков.

Ал, Виктордың әпкесі Ольга Тунковская ағасының төрт жасар ұлы мен жұбайының қуанышында шек жоқ екендігін жеткізді.

Павлодарлық КамАЗ жүргізушісі Петропавл қаласындағы гараждардың бірінде көліктің жүксалғышынан табылған. 35 жастағы В. Оленбургтың жоғалуына күдікті ретінде ұсталған Петропавл қаласының екі тұрғыны 19-желтоқсан күні өз кінәсін мойындап, жоғалған азаматтың қайда екендігін айтқан.


Іздестіру шараларын жүргізген Қарағанды облыстық ІІД Солтүстік Қазақстан облысының ІІД өтініш білдірген. Бұдан кейін тәртіп сақшылары Петропавлдағы гараждарды тексерудің нәтижесінде Викторды көліктің жүк салғышынан тапты.

Ал 18 тонна мысты қолды қылып, 12 миллион теңгеге сатқан қарақшылар ақшаны тең бөлген.

Естеріңізге сала кетсек, Виктор Оленбург 22-қазан күні Жезқазған қаласынан жүкті тиеп, Қарағандыға бет алған бойы хабарсыз кеткен. 27-қазан күні қарағандылық полицейлер Теміртау қаласының маңында жүк көлігін тапқан, алайда онда мыспен бірге жүргізуші де болмады. Қазіргі уақытта петропавлдық азаматтар Қарағанды облыстық ІІД-нің тергеу изоляторына тоғытылды.