«Екі бұтыңа ие бол да, тиетін байыңа ти»: Белгілі психолог оңтүстіктегі қыз тәрбиесіне қатысты ащы шындықты айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 «Екі бұтыңа ие бол да, тиетін байыңа ти»: Белгілі психолог оңтүстіктегі қыз тәрбиесіне қатысты ащы шындықты айтты

«Екі бұтыңа ие бол да, тиетін байыңа ти»: Белгілі психолог оңтүстіктегі қыз тәрбиесіне қатысты ащы шындықты айтты

Белгілі психолог, көпшілік арасында коуч Роза есімімен танылған Роза Әшірбаева оңтүстіктегі қызды тәрбиелеу салтына қатысты бар шындықты мәлім етті.

  • 7 Тамыз 2023
  • 327
Фото - Caravan.kz


Ол кей отбасыларда қыздарға «оқы, білім қу» деп тәрбиелемейтінін, оларды тездетіп күйеуге шығуға үгіттейтінін ашып айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

Бұл туралы ойын ол желідегі парақшасында баяндады.

«Бізде өкінішке орай қыздарды жұмыс істеңдер деп тәрбиелемейді ғой үйде ата-ана. Бар айтатындары екі бұтыңа ие бол да, тиетін байыңа ти де, құры үйден дейді. Кез келген адам, әсіресе бізде оңтүстікте солай тәрбиелейді. Құдайға шүкір менің анам оңтүстіктің адамдары сияқты ойламады, Жамбыл облысынан. Әкем де ондай емес. Бірақ мен мұндай әңгімелерді мысалы біздің көршілерімізден, туысқандардан, туысқан жеңгелерден, апалардан естідік. «Ей, тез-тез, тиетін жігітіңді тап та, құры» деп айтып жатады. Болды, басқа ештеңе үйретпейді. Бізде қыздарға жұмыс істе, білім қу деп айтпайды. Бәрі әке-шешеге байланысты. Мысалы менің әке-шешем міндетті түрде оқисың деді және мен диплом алып келіп келген соң, болды демаламын деп ойлағанмын. Папам бір күн демалғаннан кейін, желкемнен ұстап, апарым мені жұмысқа кіргізіп қойды. «Жұмыс істейсің қызым, жатпайсың үйде» деді. Білім аласың, оқисың, ақшаңды табасың деді. Әке-шеше қызды сөйтіп тәрбиелеу керек. Тиетін байыңа ти де, құрышы емес», — деп жазды ол.