Екі танымал спортшы ел чемпионатына қатыспайды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Екі танымал спортшы ел чемпионатына қатыспайды

Екі танымал спортшы ел чемпионатына қатыспайды

Осы жұмада Өскеменде дзюдодан ел чемпионатының өтетінін хабарлағанбыз. Шығыс жерінде өтетін ішкі біріншілікке тәжірибелі спортшылар Ислам Бозбаев пен Елдос Сметовтің қатыспайтыны анықталды, деп хабарлады alasharena.kz

  • 13 Қараша 2013
  • 331
Фото - Caravan.kz

Исламның неліктен қатыспайтыны белгілі. Елімізге танымал спортшыны жақында Теміртауда белгісіз біреулер пышақтап кеткен еді. Қуанышқа қарай, Исламның денсаулығы түзеліп келеді. Бапкерлері оның енді бір-екі айдан соң құлан-таза айығып, қатарға қосылатынын айтты.

Ал Елдос Сметов Алматыда өткен «Гран-При» турнирінде өкшесін жарақаттап алған болатын. Сол жарақаты әлі жазылмаған соң, бапкерлер қауымы талантты дзюдошыны ел чемпионатынан босатты.