Жарияланды: 340

Елбасы әйелдерді мерекесімен құттықтады

Елбасы әйелдерді мерекесімен құттықтады

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әйелдерді Әйелдердің халықаралық күнімен құттықтады.

Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі хабарлады.

Мемлекет басшысы құттықтау сөзінде жаңа азаматтардың тууы мемлекеттің басты стратегиялық мақсаты екенін атап өтті. "Жаңа азаматтардың тууы мен ұлт санының артуы - мемлекетіміздің басты стратегиялық мақсаты. Әйелдер өзі ер адамдарды туып алып, өздеріне проблема жасап алады деп тегін айтпайды", - деді Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы "Көктем шуағы" концертінің ашылуында. Сондай-ақ, Президент ел тынысындағы әйелдердің рөліне тоқталды. "Құрметті отандасатар, еліміздің өмірінде маңызды жасампаз рөлін орындайсыздар. Әйелдер жетістікке жете алмайтын сала жоқ. Спортта да, ғылым мен саясатта да олимпті бағындырасыздар. Бүгінде 3000-ға жуық ғылым докторының 60 пайызы әйелдер, Мәжілістің үштен біріне жуығы - нәзік жандылар", - деді Елбасы. "Жалпы алғанда әйелдердің үлесі жалпы құрамның басым бөлігі. Әйелдер туа бітті менеджерлер деп тегін айтылмаған. Себебі әйелдердің интуициясы ерлердің лошикасы мен сеніміне қарағанда нақтырақ", - деп мәлімдеді Президент.
 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін