Жарияланды: 560

Елбасы Атырау облысындағы бірқатар өндіріс нысандарында болды

Елбасы Атырау облысындағы бірқатар өндіріс нысандарында болды

Атырау облысында жұмыс сапарымен жүрген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар өндіріс нысандарын аралады.     

Елбасы «ПКФ Континент Ко ЛТД» ЖШС-ның оптикалық кабель шығаратын зауытында болды.
Мемлекет басшысы кәсіпорын ұжымын нысанның іске қосылуымен құттықтап, өңірде индустриялық саланы дамытудағы оның маңызын атап өтті.

Зауыт жұмысшылары өнеркәсіп және өңдеу салаларына қолдау көрсетіп отырғаны үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтты.

 "ПКФ Континент Ко ЛТД" ЖШС Индустрияландыру картасына енген және «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы бойынша субсидия алады. Жобаның қуаты жылына 5 000 шақырымдық кабель шығаруға есептелінген.

Елбасы сондай-ақ мұнай өнеркәсібі үшін жабдықтарды жөндеумен айналысатын «Атыраумұнаймаш» зауытына барды.

Зауыт жұмыскерлері Қазақстан Президентіне өнеркәсіп және қайта өңдеу салаларына көрсетіп отырған қолдауы үшін алғысын білдірді.

Мемлекет басшысы бүгін Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстары әкімдерімен кеңейтілген  кеңес өткізеді деп жоспарланып отыр. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін