Жарияланды: 640

Елбасы БҰҰ мінберінен сөз сөйледі

Елбасы БҰҰ мінберінен сөз сөйледі

АҚШ-қа сапары аясында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Нью-Йоркте басталған

БҰҰ Бас Ассамблеясының 70 жылдық сессиясында сөз сөйледі, - деп хабарлайды 24.kzЕлбасы ұйым мүшелерінің қатысуында Мыңжылдық даму мақсаттарын жүзеге асыру және Орнықты дамудың 2030 жылға дейінгі мақсаттарын қарастыру жөніндегі саммитте баяндамасын ұсынды. Алдағы күндерде Мемлекет басшысының БҰҰ Бас Ассамблеясының Жалпы дебаты мен Зорлық-зомбылық сипатындағы экстремизммен күрес жөніндегі саммитінде сөз сөйлеуі жоспарланып отыр. Сондай-ақ сессия аясында Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар мемлекет басшылары мен АҚШ-тың ірі компания жетекшілері арасында кездесулер өткізеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін