Жарияланды: 40

Елбасы Қытай Төрағасын Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды

Елбасы Қытай Төрағасын Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинді Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қытайға мемлекеттік сапары аясында өткен Қытай басшысымен кеңейтілген құрамдағы келіссөздер барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің екіжақты қарым-қатынасымыз барлығын да ынтымақтастыққа шабыттандырады. 2012 жылдан бастап сізбен 18-рет кездесіп отыр екенмін. Бұл жоғары деңгейдегі кездесулердің оң динамикасын көрсетіп, басқа да ынтымақтастыққа серпін береді. Осы жылдардың ішінде жалпы сомасы 67 млрд долларға екіжақты коммерциялық 127 құжатқа қол қойылды. Қазақстан халқының 18 миллион адам екендігін ескерсек, бұл оның экономикасына өте үлкен қолдау болды. Тәуелсіздік жылдары ішінде мұндай көмекті басқа елдерден алып көргеніміз жоқ», - деді Елбасы.

Мемлекет басшысы Си Цзиньпиннің екі елдің арасындағы қарым-қатынастың достық, тең құқылық, егемендік пен аймақтық тұтастыққа өзара құрмет рухында өрбуіне үлкен үлес қосып келе жатқанын атап өтті. «Бізге бұл сұхбатты белсенді түрде жалғастыру қажет деп ойлаймын. Осыған байланысты сізді Қазақстанға өзіңізге ыңғайлы кез келген уақытта ресми сапармен келуге шақырамын»,-  деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Айта кетейік, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қытайға мемлекеттік сапары аясында 10 маусым күні Циндао қаласында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының кеңесіне қатысады деп күтілуде.

Оқи отырыңыз:

Киімнің түсін жұлдызнамаға сәйкес таңдаңыз!

Головкин әлем чемпионы белдігінен айырылды 

Елбасы Қытайға ресми сапармен барды

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін